Бүгін Астанада Құрылтайдың алғашқы сессиясы өтеді

402

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жарлығына сәйкес, отырыс сағат 11:00-де басталады.  

Бүгін Астанада Құрылтайдың алғашқы сессиясы өтеді Фото: Нұргүл Тапаева

Бұл – 23 тамызда өткен Құрылтай сайлауынан кейінгі жаңа заң шығарушы органның алғашқы отырысы, деп жазады inbusiness.kz сайты.

Құрылтай құрамына 145 депутат енді. Орталық сайлау комиссиясы олардың өкілеттігін 27 тамызда ресми түрде тіркеді.

Сайлау қорытындысы бойынша "Әділет" партиясы 110 мандат алды. "Ауыл" партиясына – 10, Respublica-ға – 9, "Ақ жол" демократиялық партиясы мен Жалпыұлттық социал-демократиялық партияға 8 мандаттан берілді.

Алғашқы сессия барысында депутаттар ант қабылдап, Құрылтайдың басшылық органдарын қалыптастыру мәселелерін қарауы күтіледі. Жаңа органның жұмысы Қазақстандағы бір палаталы заң шығарушы жүйенің басталғанын білдіреді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу