Бүгін Астанада ТМД мемлекеттері басшылары кеңесінің отырысы өтеді

505

Шараға Қазақстаннан өзге Әзербайжан, Армения, Беларусь, Қырғызстан, Ресей, Түрікменстан, Тәжікстан, Өзбекстан басшылары, сондай-ақ ТМД Атқару комитетінің төрағасы – Атқарушы хатшысы қатысады, деп хабарлайды inbusiness.kz Ақордаға сілтеме жасап. 

Бүгін Астанада ТМД мемлекеттері басшылары кеңесінің отырысы өтеді Фото: egemen.kz

Саммитте соңғы жылдары ТМД іс-шараларына қатысуын тоқтатқан Украинаның өкілі болмайды. Сондай-ақ Молдова басшысы жұмыс кестесінің тығыздығына байланысты қатыса алмайды.

Мемлекет басшысы Қ.Тоқаев еліміздің ТМД-ға төрағалығының қорытындысын жариялайды. Саммитте сондай-ақ 2023 жылы ТМД-ға төрағалықты Қырғыз Республикасына беру және Мемлекет басшылары кеңесінің келесі отырысын Бішкекте өткізу туралы шешім қабылдау жоспарланып отыр.

Достастық алаңында өзара іс-қимылдың өзекті мәселелерін талқылау, сауда-экономикалық және мәдени-гуманитарлық салалардағы, сондай-ақ Қазақстандағы интеграциялық байланыстарды одан әрі дамытуға және нығайтуға бағытталған бірқатар құжаттарды қарау және қабылдау жоспарлануда.

Атап айтқанда, қауіпсіздік саласындағы ынтымақтастықты одан әрі нығайту мақсатында мемлекет басшылары 2023-2025 жылдарға арналған терроризм мен экстремизмге қарсы күрес саласындағы ынтымақтастықтың кезекті бағдарламасын бекітеді. Мәдени құрамдас бөліктің интеграциялық өзара іс-қимылдағы ерекше рөлі тұрғысында мемлекет басшылары Қазақстан Республикасының бастамасымен мәдениет саласындағы ынтымақтастықты дамыту туралы мәлімдеме қабылдауды көздеп отыр.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу