Бүгін Атырау мен Ақтөбе қалаларында ауа ластанады

651

Бүгін Қазақстанның 2 қаласында жайсыз метеорологиялық жағдай қалыптасып, ауа ластанады, деп хабарлайды inbusiness.kz "Қазгидромет" РМК-на сілтеме жасап.

Бүгін Атырау мен Ақтөбе қалаларында ауа ластанады Фото: Almaty.tv

"2023 жылғы 15 мамырда Қазақстан бойынша Атырау, Ақтөбе қалаларында ауаның қолайсыз метеорологиялық жағдайлары күтіледі", делінген хабарламада.

Қолайсыз метеорологиялық жағдай - атмосфералық ауаның беткі қабатында зиянды заттардың шоғырлануына ықпал ететін қысқамерзімді метеофакторлардың (тымық ауа райы, жеңіл жел, тұман, инверсия) жиынтығы.

ҚМЖ жағдайында елді мекендердегі атмосфералық ауаның сапасы нашарлауы ықтимал.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу