Бүгін Цифрландыру және ақпараттық технологиялар қызметкерлері күні

1156

Қазақстанның ақпараттық технологиялар саласында 155 мыңнан аса адам еңбек етеді.

Бүгін Цифрландыру және ақпараттық технологиялар қызметкерлері күні Фото: primeminister.kz

Елімізде 10 қарашада Цифрландыру және ақпараттық технологиялар қызметкерлері күні аталып өтіледі, деп жазады inbusiness.kz.

Үкімет басшысы Әлихан Смайылов "Қазақстан Республикасындағы мерекелік күндердің тізбесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2017 жылғы 31 қазандағы №689 қаулысына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы" тиісті қаулыға қол қойған болатын.

Айта кету керек, биыл еліміз БҰҰ электрондық үкіметті дамыту жөніндегі рейтингте 28-орынға тұрақтады. Бұдан бөлек "онлайн-қызметтер сапасының индексі" бойынша 8-орынға орналасты.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу