Қазақстанның шалғай жатқан теміржол станцияларына аялдайтын пойыздың сапары биылғы жылдың 21 желтоқсанында аяқталады, деп хабарлайды ӘМСҚ жұртшылықпен байланыс департаменті.
"Денсаулық" пойызы Атырау, Маңғыстау, Қызылорда, Түркістан, Алматы, Батыс Қазақстан, Қарағанды, Солтүстік Қазақстан облыстары аумағындағы 195 станцияға аялдайды. Сапар барысында барлығы 40 мыңға жуық адамға медициналық көмек көрсету жоспарланып отыр.
Соңғы үлгідегі қондырғылармен жабдықталған пойыздарда көрсетілетін медициналық көмек тізімінде: салалық мамандардың кеңесі (терапевт, педиатр, невропатолог, окулист, ЛОР, гинеколог, хирург, уролог, маммолог, онколог т.б.), түрлі зерттеулер мен диагностика түрлері (УДЗ, қан талдаулары, флюорография т.б.), кішігірім хирургиялық операциялар мен стоматологиялық қызметтер т.б. бар.