Бүгін Екібастұзда 10-нан астам тұрғын үй жылудан уақытша ажыратылады

408

Мұнда жылу берілетін жабдықтау параметрлерін тұрақтандыру және жылу желілерін жөндеу жұмыстары әлі жалғасып жатыр.     

Бүгін Екібастұзда 10-нан астам тұрғын үй жылудан уақытша ажыратылады Фото: instagram/ekibastuz_akimdigi

Бұл туралы Екібастұз қаласы әкімдігі мәлімдеді, деп хабарлайды inbusiness.kz.

Екібастұз қаласы әкімдігінің мәліметінше, 18 қаңтарда келесі мекен-жайларда жөндеу жұмыстары жоспарланған:⠀

- Павлов көшесі, 80-үйден Безымянный көшесіне дейінгі учаскедегі жылу желісіне қосу, осыған байланысты сағат 10.00-ден 12.00-ге дейін 7 жеке тұрғын үйді жылумен жабдықтаудан ажырату жоспарлануда;⠀

- Қонаев көшесі, 138-үй бағытындағы орамішілік жылу желісі учаскесіндегі жерасты төсеміндегі зақымдануды жою, осыған байланысты сағат 09.00-ден 20.00-ге дейін 4 көпқабатты тұрғын үй мен 1 заңды тұлғаны жылумен жабдықтаудан ажырату жоспарлануда.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу