Бүгін елімізде аяз және көктайғақ болады

326

8 желтоқсанға арналған ауа-райы болжамы. 

Бүгін елімізде аяз және көктайғақ болады  Фото: inbusiness.kz

8 желтоқсанда республиканың басым бөлігіне суық солтүстік-батыс антициклоны әсер етіп, онымен аязды, негізінен жауын-шашынсыз күн райы күтіледі. Бұл туралы inbusiness.kz сайты "Қазгидромет" РМК-ға сілтеме жасап хабарлайды.

Оңтүстік пен шығыста атмосфералық фронталды бөліктердің өтуімен жаңбыр, қар және көктайғақ болжанады. Сонымен қоса, елдің Шығыс өңірінде бұрқасын болады.

Жалпы, Республика бойынша тұман және желдің күшеюі күтіледі. Соның ішінде, елдің батысында, шығысында және орталығында жел екпіні 15-20 м/с дейін күшейеді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу