Елімізде 5 қазанда мұғалімдер күні аталып өтеді

616

Ол күні Астанада Республикалық педагогтер съезі өтеді. 

Елімізде 5 қазанда мұғалімдер күні аталып өтеді Фото: Otyrar.kz

Съезге еліміздің барлық өңірінен 700-ге жуық мұғалім қатысады. Педагогтер арнайы ұйымдастырылған алаңдарада озық еңбектерімен және халықаралық тәжірибелермен бөліседі.

Атап өтерлігі, бүгінгі таңда еліміздегі білім беру саласында мектепке дейінгі, орта, техникалық және кәсіптік білім беру бағытында 500 мыңға жуық педагог жұмыс істейді.

Мемлекет басшысының бастамасымен 2019 жылы педагогтердің мәртебесі жеке заңмен бекітілді.

Төрт жыл ішінде мектеп мұғалімдерінің жалақысы екі есе өсті. 220 мыңға жуық ұстаз тағайындалған санаты үшін 50%-ға дейін үстемеақы алады. Өндірістен тартылған техникалық және кәсіптік білім беру педагогтері жалақысына 35%-ға дейін қосымша ақы алады. Биылғы жылдың қыркүйек айынан бастап 97 мың тәрбиешінің жалақысы тағы 30%-ға көтерілді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу