Бүгін еліміздің 14 өңірінде аптап ыстық болады – Қазгидромет

351

"Қазгидромет" болжамына сәйкес, бүгін ел аумағында ауа райы тұрақсыз болады, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Бүгін еліміздің 14 өңірінде аптап ыстық болады – Қазгидромет Фото: tactise.com

Республиканың басым бөлігінде найзағай болып, жаңбыр, кей жерлерде бұршақ жаууы мүмкін. 

Еліміздің солтүстік-батысында, шығысында, орталығында да нөсерлетеді. Қазақстан аумағының басым бөлігінде жел күшейіп, солтүстік-батыста, солтүстікте, шығыста дауыл болады деп болжанған.

Түнде және таңертең республиканың солтүстігінде, солтүстік-батысында, оңтүстік-батысында, шығысында тұман болуы мүмкін.

Күндіз Атырау, Батыс Қазақстан, Ақтөбе, Алматы, Жетісу, Ұлытау облыстарында, Қостанай, Шығыс Қазақстан, Абай облыстарының оңтүстігінде қатты ыстық болып, ауа температурасы 35-37 градусты көрсетеді.

Маңғыстау облысында да қатты ыстық болып, 38-41 градусқа жетеді.

Түркістан, Қызылорда облыстарында термометр 40-41 градусты көрсетіп, аптап ыстық сақталады.

Күндіз Атырау облысының оңтүстік-шығысында, Ақтөбе облысының оңтүстігінде 40 градус өте қатты ыстық болады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу