Бүгін еліміздің барлық өңірінде дауылды ескерту жарияланды

213

12 желтоқсанда Астана қаласы мен 16 өңірде дауылды ескерту жарияланды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Бүгін еліміздің барлық өңірінде дауылды ескерту жарияланды Фото: inbusiness.kz

12 желтоқсанда таңертең және күндіз Ақмола облысының батысында, оңтүстігінде, шығысында қар жауып, бұрқасын болады. Жел оңтүстік-шығыстан соғып, екпіні 15-20 м/с болады.

Астанада күндіз қар жауады, боран соғады.

Қарағанды облысында қарлы боран, көктайғақ болады. Аймақтың оңтүстік шығысында күндіз жел тұрады.

Күндіз Атырау облысының батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде көктайғақ болады.

Түнде батыста, солтүстікте, Ұлытау облысының орталығында боран, көктайғақ, күндіз облыстың шығысында қарлы боран соғады. Желдің екпіні 15-20 м/с-қа дейін жетеді.

Жетісу облысында желдің екпіні 23-28, кейде 30 м/с асады деп болжанған. Түнде және таңертең облыстың таулы аймақтарында көктайғақ, тұман болады. Облыстың солтүстік-шығыс жақтан соққан желдің екпіні 15-20 м/с.

Түнде Ақтөбе облысының оңтүстігінде, шығысында көктайғақ болады.

Солтүстік Қазақстан облысында түнде оңтүстік-батыстан жел соғады, облыстың батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде екпіні 15-20 м/с болады.

Қостанай облысының оңтүстігінде қар жауып, боран соғады. Артынан көктайғақ болады. Облыстың шығысына, оңтүстігіне тұман түседі.

Түнде Қызылорда облысының солтүстігінде, күндіз оңтүстігінде көктайғақ болжанған. Аймақтың біраз аумағын тұман басады.

Түнде Алматы облысының таулы аудандарында желдің екпіні 15-20 м/с болады.

Күндіз Абай облысының оңтүстігінде, батысы мен орталығында қарлы боран соғады. Желдің жылдамдығы күндіз 15-20 м/с.

Түркістан облысының таулы аудандарында көктайғақ болжанған. Облыстың батысында, оңтүстігінде, таулы аймақтарында тұман болады.

Түнде және таңертең Павлодар облысының батысында, солтүстігінде тұман түседі.

Батыс Қазақстан облысының батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде тұман, көктайғақ болады.

Мұндай ауа райы Маңғыстау облысының батысында, солтүстік-шығысында, орталығында да болжанған.

Түнде Жамбыл облысының таулы аудандарында қар жауып, боран болады. Тұман түсіп, көктайғақ болуы ықтимал. Облыстың таулы аудандарында желдің екпіні 15-20 м/с, түнде 23-28 м/с жетеді. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу