Бүгін еліміздің басым бөлігінде қар аралас жаңбыр жауады

302

Бұл туралы "Қазгидромет" РМК хабарлайды. 

Бүгін еліміздің басым бөлігінде қар аралас жаңбыр жауады Фото: inbusiness.kz

Циклонның және онымен байланысты атмосфералық фронттардың әсерінен 6 желтоқсанда еліміздің басым бөлігінде жауын-шашын болады. Сондай-ақ, қар аралас жаңбыр жауады, деп жазады inbusiness.kz сайты  "Қазгидромет" РМК-ге сілтеме жасап.

Қазгидромет синоптиктерінің болжамы бойынша, тек республиканың оңтүстігі мен оңтүстік-шығысында жауын-шашынсыз ауа райы сақталады.

Сонымен қатар, еліміз бойынша тұман, көктайғақ болып, жел күшейеді.

Бұдан бөлек, Шығыс Қазақстан облысының солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде желдің екпіні 30 м/с және одан да жоғары болады.

Абай облысының солтүстігінде, батысында және орталығында күшті жел тұрады және оның екпіні – 30 м/с.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу