Бүгін еліміздің басым бөлігінде тұман және көктайғақ болады

240

28 желтоқсанға арналған ауа-райы болжамы. 

Бүгін еліміздің басым бөлігінде тұман және көктайғақ болады  Фото: inbusiness.kz

Атлантикалық циклонның және атмосфералық фронтальды бөліктердің әсерінен еліміздің барлық аумағында ауа-райы құбылмалы болады. Бұл туралы inbusiness.kz сайты "Қазгидромет" РМК-ге сілтеме жасап хабарлайды.

Ресми мәліметке сәйкес, республика бойынша жауын-шашын, қар және жаңбыр болады. Оңтүстік-шығыстың таулы аймақтарында қалың қар жауады. Солтүстік пен солтүстік-батыста қатты жауын-шашын (соның ішінде жаңбыр және қар), тұман, көктайғақ, екпінді жел болады деп болжанып отыр.

Ал еліміздің солтүстік жартысында бұрқасын болады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу