Бүгін елордада ауа ластанады

141

Бүгін Астанада жайсыз метеорологиялық жағдай қалыптасып, ауа ластанады, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты Қазгидрометке сілтеме жасап.

Бүгін елордада ауа ластанады Фото: inbusiness.kz

"2024 жылғы 16 сәуірде түнде Астана қаласында ауаның ластануының қолайсыз метеорологиялық жағдайлары күтіледі", - делінген хабарламада.

Қолайсыз метеорологиялық жағдай — атмосфералық ауаның беткі қабатында зиянды заттардың шоғырлануына ықпал ететін қысқамерзімді метеофакторлардың (тымық ауа райы, жеңіл жел, тұман, инверсия) жиынтығы.

ҚМЖ жағдайында елді мекендердегі атмосфералық ауаның сапасы нашарлауы ықтимал.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу