Бүгін елордада Ұлы Жеңістің 80 жылдығына арналған Әскери парад өтеді

247

Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі мәлім етті.

Бүгін елордада Ұлы Жеңістің 80 жылдығына арналған Әскери парад өтеді Фото: Егемен Қазақстан

Бүгін Астанадағы "Қазақ елі" алаңында Ұлы Жеңістің 80 жылдығына арналған Әскери парад өтеді, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Салтанатты іс-шараға елімізге мемлекеттік сапармен келген Вьетнам Коммунистік партиясы Орталық комитетінің Бас хатшысы То Лам қатысады.

Әскери шеру сағат 10.45-тен бастап елордада және барлық облыс орталығында LED-экрандар мен республикалық телеарналардан, сондай-ақ Facebook, YouTube, Telegram әлеуметтік желілеріндегі Ақорданың ресми парақшаларынан тікелей эфирде көрсетіледі.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу