Бүгін, ертең ел аумағында желдің екпіні күшейіп, қар аралас жаңбыр жауады

1484

Бүгін, ертең  ел аумағында желдің екпіні күшейіп, қар аралас жаңбыр жауады

Синоптиктердің болжауынша демалыс күндері оңтүстікте жаңбыр жауса, солтүстік, орталық және шығыс аймақтарда ауа температурасы түнде -18 градусқа дейін төмендейді.

Бүгін Астанада күн ала бұлттанып, қар жауып, соңы тұманға ұласады. Батыстан соғатын жел жылдамдығы секундына 9-14 метрге дейін жетеді. Ал Алматыда аздаған жаңбыр жауып, ауа температурасы түнде шамамен +7, күндіз +14 градус болады.

"Сәуір айында атмосфералық процесстер тез ауысады. Яғни  циклон мен антициклондар үлкен жылдамдықпен Қазақстан территориясынан өтеді. Сол себепті  алдағы бүгін, ертең ауарайы құбылмалы болады", - деді "Қазгидромет" орталығының инженер-синоптигі Лаура Сайлыбаева.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу