Бүгін – Қадір түні

125

Ислам ғұламаларының пікірінше, бұл күн мың айдан да қайырлы.    

Бүгін – Қадір түні Фото: muftiyat.kz

Биылғы Қадір түні 16 наурыздан 17-сіне қараған түніне түсіп отыр, деп жазады inbusiness.kz сайты.

Жалпы құранда рамазан айының соңғы онкүндігінде дұға ету жазылған. Себебі сол онкүндіктегі тақ күндердің бірі – Қадір түні болуы мүмкін болғандықтан, бұл түні ерекше құлшылық жасалып, дұға-тілектер айтылады.

Ғалымдардың пікірінше, Қадір түні Рамазан айының соңғы он күнінің ішінде, әсіресе тақ түндердің біріне жасырылған.

Қадір түні – әрбір мұсылман үшін ерекше мүмкіндік. Себебі Құранда жазылғандай бір жылдық несібе, береке мен адамның тағдырына дейін өзгеретін сәт осы түнде болады екен. Ал ол үшін оған әрекет жасап дұға-тілектер айтылуы керек.

Бұл түннің кереметі ерекше. "Кімде-кім қадір түнін құлшылықпен иманмен өткізсе, Алла Тағала пенденің күнәлерін кешіреді" деген хадис бар.

Кейбір имамдардың айтуынша, дәл осы түнде алғаш рет қасиетті Құран түсе бастаған. Сондай-ақ осы түні жер бетіне періштелер, оның ішінде Жәбірейіл періште түседі. Сондықтан бұл – тыныштық пен береке түні.

Пайғамбар Мұхаммед (с.ғ.с.) хадистерінде Қадір түнінің кейбір белгілері айтылған.

Ғалымдардың пікірінше, ол түнде:

  • ауа райы тыныш әрі жайлы болады;
  • табиғатта ерекше тыныштық сезіледі;
  • ай мен жұлдыздар жарқырап көрінуі мүмкін;
  • таңертең күн шапағы жұмсақ болып шығады;
  • адамның жүрегінде ерекше тыныштық сезімі орнайды.

Алайда бұл белгілер әр жылы дәл байқалмауы мүмкін. Соған қарамастан мұсылмандар бұл түннің ерекше қасиетті екеніне сенеді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу