Бүгін қазақ футболшыларының ойынын Италия мен Австрия клубтары бақылайды

343

Матчқа австриялық "Рапид" пен италиялық "Торино" өкілдері келеді.

Бүгін қазақ  футболшыларының ойынын Италия мен Австрия клубтары бақылайды Фото: Ақорда

Қазақстан құрамасы мен "Ақтөбе" вингері Максим Самородовқа австриялық "Рапид" пен италиялық "Торино" көз тігіп отыр, деп хабарлайды Inbusiness.kz сайты Prosports.kz порталына сілтеме жасап.

JAY Sport телеграм-арнасының мәліметінше, бүгін Словения мен Қазақстан арасындағы матчта австриялық "Рапид" пен италиялық "Торино" өкілдері келеді.

"Селекционерлердің бар назары "Ақтөбе" шабуылшысы Максим Самородовта болады. Бұған дейін 21 жастағы футболшыға австриялық клуб қызығушылық танытқаны хабарланған. Сондай-ақ оған көз тіккендер қатарында түркиялық "Трабзонспор" бар", - деп жазды дереккөз.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу