Осы уақыт аралығында ел бойынша үйлерде, кеңселерде және көшелерде жарық бір сағатқа сөндіріледі. Биылғы акцияның тақырыбы – Қазақстандағы экотуризмді дамыту.
"Жер сағаты" – Дүниежүзілік жабайы табиғат қоры бастамасымен өткізілетін жыл сайынғы халықаралық экологиялық шара. Акция аясында ұйым жұртшылықты табиғатқа бейжай қарамауға шақырып, жарық пен тұрмыстық электр құралдарын бір сағатқа өшіруге үндейді. Сонымен қатар, әлемдегі танымал ғимараттар мен ескерткіштердің жарығы да сөндіріледі.
Бұл – әлемдегі ең ауқымды экологиялық акциялардың бірі. Оған жыл сайын 180-нен астам елдің 7 мыңға жуық қаласынан 2 миллиардтан астам адам қатысады. 2026 жылы акция әлемде 19-рет, ал Қазақстанда 17-рет ұйымдастырылып отыр.
Акцияның басты мақсаты – табиғи ресурстарға жауапкершілікпен қарау қажеттілігіне қоғам назарын аудару.
Қазақстанда дәстүрлі түрде бірқатар нысандардың жарығы өшіріледі. Олардың қатарында:
- Бәйтерек монументі
- Астана Опера
- Әзірет Сұлтан мешіті
- Тәуелсіздік сарайы
- Астана Арена
- Алау мұз айдыны
- Қазақстан қонақ үйі
- Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ