Бүгін Қазақстандық атлеттер спорттың екі түрінен өнер көрсетеді

1128

Төрткүл дүние көз тіккен Бейжің Олимпиадасы жалғасып жатыр. 10 ақпан күні Қазақстандық атлеттер спорттың екі түрінен өнер көрсетеді. Біздің команда атынан бірінші болып жарыс жолына шаңғышылар шығады. 

Бүгін Қазақстандық атлеттер спорттың екі түрінен өнер көрсетеді

10 шақырымдық қашықтықта Надежда Степашкина, Ксения Шалыгина, Ангелина Шурыга және Валерия Төленева бағын сынап көреді.

Кешкі бағдарламада фристайлдың акробатика түрінен аралас командалық жарыс өтеді. Бұл бәсекеде ел намысын Жанбота Алдабергенова, Ақмаржан Қалмұрзаева және Шерзод Хаширбаев қорғайды.

Айта кетейік, бұған дейін скиатлон және спринт жарысына қатысқан Қазақстандық шаңғышылар жүлде алатын орындардан көріне алмады.

 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу