Бүгін Қазақстанның 4 қаласында ауа сапасы нашарлайды

358

Бұл туралы "Қазгидромет" РМК хабарлайды. 

Бүгін Қазақстанның 4 қаласында ауа сапасы нашарлайды Фото: inbusiness.kz

8 желтоқсан күні Астанада және Республиканың тағы 3 қаласында ауа сапасы нашарлайды, деп жазады inbusiness.kz сайты "Қазгидромет" РМК-нің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Атап айтсақ, ауа сапасы Алматы, Астана, Ақтөбе және Петропавл қалаларында нашарлайды деп болжануда.

Қолайсыз метеорологиялық жағдайлар – атмосфералық ауаның беткі қабатында зиянды (ластаушы) заттардың шоғырлануына ықпал ететін қысқамерзімді метеофакторлардың (соның ішінде, тымық ауа-райы, жеңіл жел, тұман және инверсия) жиынтығы.

Сондай-ақ, қолайсыз метеорологиялық жағдай кезінде елді мекендердегі атмосфералық ауаның сапасы нашарлауы мүмкін.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу