Бүгін Қазақстанның оңтүстігінде жаңбыр жауып, найзағай ойнайды

332

Алматыда желдің екпіні 17 м/с-қа дейін күшейеді.  

Бүгін Қазақстанның оңтүстігінде жаңбыр жауып, найзағай ойнайды Фото: altainews.kz

Қазақстанның оңтүстік және оңтүстік-шығыс өңірлерінде кей жерлерде найзағайлы жаңбыр жауады. Солтүстік пен батыста тұман сақталады, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Астанада күн ала бұлтты, жауын-шашынсыз болады. Желдің жылдамдығы 2–7 м/с. Ауа температурасы түнде +9;+11°C, күндіз +22;+24°C.

Алматыда күн ала бұлтты, жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Жел 3–8 м/с, кей уақытта екпіні 17 м/с-қа дейін жетеді. Түнде ауа температурасы +14;+16°C, күндіз +25;+27°C болады.

Шымкентте күн ала бұлтты, жауын-шашынсыз. Ауа температурасы түнде +13; +15°C, күндіз +27;+29°C.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу