Мобильді байланыстың бесінші буыны үшін радиожиіліктерге ашық аукцион өткізудеміз - Мусин

455

Бұл туралы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бағдат Мусин телеграм арнасында деп жазады Inbusiness.kz.   

Мобильді байланыстың бесінші буыны үшін радиожиіліктерге ашық аукцион өткізудеміз - Мусин Фото: gov.kz

“Біз алғаш рет – мобильді байланыстың бесінші буыны (5G) үшін радиожиіліктерге ашық аукцион өткізудеміз.
Айқын және ашық түрде өтіп жатқан бәсекеде №1 лот бойынша (3600-3700 МГЦ жиілік)  сауда-саттық аяқталды. Жеңімпаз - 62,669 млрд. теңге қаржыға өтінім білдірді. Ал, екінші лот бойынша бәсеке ертең жалғасады”, деп жазды министр.

Оның айтуынша, бұл аукцион - ұлттық ресурстарға ашық қолжетімділікті және бәсекелік орта қалыптастырудың айқын мысалы. Бұдан бөлек, сауда-саттық бюджетті толықтыруға ықпал етеді.

 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу