Бүгін қызметінен босатылған Ресейдің көлік министрі өлі табылды

711

Бұл туралы "Коммерсант" газеті мен "Shot" және "112" телеграм арналары хабарлады, деп жазады inbusiness.kz сайты.

Бүгін қызметінен босатылған Ресейдің көлік министрі өлі табылды Фото: council.gov.ru

Тергеу комитеті шенеунік қаза тапқанын растады. Өліміне не себеп болғаны нақты белгісіз.

Алдын ала мәлімет бойынша өз-өзіне қол жұмсаған болуы мүмкін.

"Бүгін Одинцово қалалық округінде жеке автокөліктен Ресей Федерациясының бұрынғы Көлік министрі Роман Владимирович Старовойттың оқ жарақатын алған мәйіті табылды", – делінген Тергеу комитетінің ресми мәлімдемесінде.

"Mash" телеграм арнасының жазуынша, Роман Старовойт аса ірі көлемдегі алаяқтық жасады деген күдікке ілінген.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу