Бүгін найзағай ойнап, дауылды жел соғады

221

Синоптиктер 16 сәуірге ауа райы болжамын жариялады.  

Бүгін найзағай ойнап, дауылды жел соғады Фото: total.kz

Алдағы үш тәулікте Қазақстандағы ауа райына екі жағдай әсер етеді, деп жазады inbusiness.kz сайты "Қазгидрометке" сілтеме жасап.

"Батыстан шығысқа қарай жылжитын циклон салдарынан ауа райы тұрақсыз болып, жауын-шашын (жаңбыр, қар), кей кезде қатты жауын-шашын жауады. Артынша солтүстік, шығыс, орталық өңірлер солтүстік антициклонның ықпалына өтіп, ауа температурасы төмендейді", – деді синоптиктер.

Ел бойынша тұман түсіп, жел күшейеді, солтүстік, шығыс, орталық аймақтарда көктайғақ болуы мүмкін.

16, 17 сәуірде солтүстікте түнгі ауа температурасы -1…-8 градусқа дейін, күндіз +1…+8 градусқа дейін төмендейді.

18 сәуірге қарай шығыста түнде -2…-18 градусқа дейін өзгерсе, күндіз 0…+13 градус болады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу