Бүгін парламент палаталарының бірлескен отырысы өтіп жатыр

787

Бүгін  парламент палаталарының бірлескен отырысы өтіп жатыр

Бүгін парламенттің қос палатасы бірлескен отырыс өткізіп жатыр, деп хабарлайды 24.kz.

Парламент палаталарының бірлескен отырысы 1 сағат бұрын басталды. Жиынға қатысу үшін депутаттардан бөлек үкімет мүшелері мен президент әкімшілігінің өкілдері және жауапты орган өкілдері тайлы-таяғы қалмай түгел келді.

Бүгінгі отырыста алдымен конституциялық кеңес төрағасы сөз сөйлеп, конституциялық кеңес жолдауын жария етті. Игорь Роговтың айтуынша, ағымдағы жылдың наурызында Ата заңның 25-бабына енгізілген өзгерістер конституциялық құндылықтарды сақтай отырып, қоғам мен мемлекетті тереңнен қайта өзгертуге сәйкес келеді. Мемлекет басшысының бірқатар өкілеттілігін парламент пен үкіметке бөліп беру елдегі реформаларды жүйелі іске асыруға септігін тигізеді әрі президенттік басқару нысанын демократиялық жаңғырту жүзеге асырылады.

Сондай-ақ бүгін өткен жылғы бюджеттің атқарылу мәселесі де сөз болды. Бұл жөнінде қаржы министрі баяндама жасады. Бақыт Сұлтанов былтырғы салық түсімдері 37 пайызға қысқартылатынын жеткізді.

Айта кетейік, 2016 жылы бюджет түсімдері 100 пайызға орындалып, 7 триллион 760 миллиард теңгені құрады. Шығын шықпай, кіріс кірмес. Шығыс көлемі – 8 ,5 триллион теңге. Ал бюджет тапшылығы 741 миллиард теңге болды. 37 млрд теңгенің заңбұзушылықтары анықталды. Осындай олқылықтарға жол бермес үшін Бақыт Сұлтанов камералық бақылау жүйесін енгіземіз деді. Ал казына қаражатының əрбір тиыны дұрыс жұмсалуын қадағалайтын Есеп комитетінің төрағасы бюджет қаржысына жауапты əкімшілері мен жергілікті орган өкілдері тиімді жұмыс істемейтіндігін тілге тиек етті.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу