Бүгін Ресейдің Сыртқы істер министрі Сергей Лавров Астанаға келеді

166

Сапар барысында Сергей Лавров Президенттің қабылдауында болып, еліміздің Сыртқы істер министрімен келіссөздер өткізеді.  

Бүгін Ресейдің Сыртқы істер министрі Сергей Лавров Астанаға келеді Фото: © Sputnik / Владимир Астапкович

Кездесу барысында екіжақты стратегиялық әріптестікті және одақтастықты нығайту мәселелері қаралмақ, деп жазады inbusiness.kz сайты.

Тараптар саяси, сауда-экономикалық және мәдени-гуманитарлық салалардағы ынтымақтастықты дамыту, сондай-ақ ЕАЭО, ҰҚШҰ, ТМД және ШЫҰ аясындағы өзара іс-қимылды талқылайды.

Сонымен қатар өңірлік және халықаралық күн тәртібіндегі өзекті мәселелер бойынша пікір алмасу жоспарланған.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу