Бүгін Режеп Тайып Ердоған Украина президенті Владимир Зеленскиймен келіссөздер өткізеді

95

Бұған дейін Түркия президенті Әкімшілігінің Коммуникациялар басқармасының басшысы Бурханеттин Дуран Зеленскийдің сапарын растаған болатын.

Бүгін Режеп Тайып Ердоған Украина президенті Владимир Зеленскиймен келіссөздер өткізеді Фото: Ozan Guzelce / dia images via Getty Images

Түркия президенті Режеп Тайып Ердоған бүгін, 19 қарашада Украина президенті Владимир Зеленскиймен келіссөздер өткізеді. Бұл туралы TRT арнасы мәлім етті, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Кездесу барысында тараптар екіжақты мәселелермен қатар Украинадағы қақтығыстың қазіргі жай-күйі мен оны реттеу жолдарын талқылайды. Арнайы назар атысты тоқтату режимін қамтамасыз ету, Ресей мен Украина арасындағы келіссөздерді, соның ішінде Стамбул алаңындағы байланыстарды қайта жандандыру және ықтимал реттеу саммитін өткізуге аударылады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу