18 тамызда Қонаев қаласында Шерзат Полатты өлтіргені үшін сотталғандардың апелляциялық шағымы қаралады, деп жазады inbusiness.kz сайты.
– Біз командамызбен сотқа дайындалып отырмыз. 18 тамызда 8 сотталушының апелляциялық шағымы Алматы облыстық сотының ғимаратында Қонаев қаласында қаралады, – деп мәлімдеді адвокат.
Сонымен қатар, төбелес болған оқиға орнында жүрген екі қыз – Эльмира Нұрбекова мен Дана Жақсыгелдіге қатысты іс қаралатын болады.
Сондай-ақ куәгер Юлдаш Розыбакиев пен Арлан Қазыкеновке қатысты шыққан бірінші сатының жеке қаулысына келтірілген Жақсыгелді Дананың жеке шағымы да сол сот отырысында қаралмақ.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу