Бүгін төрт қалада метеоахуал қолайсыз болады

141

Бүгін Қазақстанның төрт қаласында жайсыз метеорологиялық жағдай қалыптасып, ауа ластанады, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Бүгін төрт қалада метеоахуал қолайсыз болады Фото: inbusiness.kz

"2024 жылғы 29 мамырда Алматы, Ақтөбе, Шымкент қалаларында, түнде Атырау қаласында ауаның ластануының қолайсыз метеорологиялық жағдайлары күтіледі", - делінген хабарламада.

Қолайсыз метеорологиялық жағдайлар - атмосфералық ауаның беткі қабатында зиянды (ластаушы) заттардың шоғырлануына ықпал ететін қысқамерзімді метеофакторлардың (тымық ауа райы, жеңіл жел, тұман, инверсия) жиынтығы.

Қолайсыз метеорологиялық жағдай кезінде елдімекендердегі атмосфералық ауаның сапасы нашарлауы ықтимал.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу