Бүгін ЖОО грант иегерлерінің тізімі жарияланады

2195

Бүгін ЖОО грант иегерлерінің тізімі жарияланады

Бүгін мемлекеттік білім беру гранты иегерлерінің тізімі сағат 15:00 де министрлік сайтында жарияланады, деп хабарлайды Дулат Абибуллаев фейсбук парақшасында.

1 шілдеде аяқталған Ұлттық бірыңғай тестке 88 595 түлек қатысқан еді. Биыл 67 627 түлек қазақ тілінде, 20 968 түлек орыс тілінде ҰБТ тапсырды. Тестке ең көп қатысушы ОҚО-дан болды. 84% тест тапсырушылар жоғары оқу орнына тапсыруға мүмкіндік беретін межелік деңгейден асты, ал  14 066 адам бұл деңгейге жете алмаған.

Ұлттық тестілеу орталығының testcenter.kz сайтында мемлекеттік білім грантын иеленушілердің қортындысы жарияланады.  Сонымен қатар "Егемен Қазақстан" және "Казахстанская правда" газет терінің бетіне 14 тамызда шығады, деп жазылды ҚР БЖҒ ресми сайтында.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу