Бүгінге дейін 124 мыңнан астам адам тексерілді

744

Бүгінге дейін 124 мыңнан астам адам тексерілді

ШҚО Денсаулық сақтау басқармасы тұрғындардың денсаулығын үнемі назарда ұстайды.

"Ересектерден басқа 18 жасқа дейінгі 31 885 бала қаралған, олардың ішінде әртүрлі аурулармен ауыратын 28 313 адамның аурулары ерте кезеңде анықталған, 11 116 науқас диспансерлік есепке алынған, ал 12 407 науқас толық емделіп шыққан", – деп хабарлады ШҚО ақпарат орталығы.

Облыстық денсаулық сақтау басқармасы басшысының міндетін атқарушы Райфа Сафиоллинова айтып өткендей, ауруларды емдеуден олардың алдын алуға бағытталған профилактикалық іс-шараларға көшуге баса назар аударылады.

"Облыс тұрғындары қазіргі уақытта скринингке белсенді түрде қатысуда. Көпшілігі одан бас тартпай, өздерінің денсаулығы үшін барлық кезеңнен өту қажеттігін түсінеді", – деп атап өтті Р. Сафиоллинова.

Айта кету керек, 2014 жылдан бастап қауіпті ісік ауруларының жоғары деңгейін ескере отырып, Шығыс Қазақстан облысының 65 жастан жоғары тұрғындарына арналған скринингтік бағдарлама енгізілген болатын. Нәтижесінде 124 мыңнан астам адам тексерістен өткен.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу