Бүгіннен бастап қысқы шинамен жүрмеген көліктер айыппұл арқалайды

89

1 желтоқсаннан бастап көліктер қысқы шинамен жүруге міндетті.  

Бүгіннен бастап қысқы шинамен жүрмеген көліктер айыппұл арқалайды Фото: motor43.ru

Қысқы шина көлік құралының барлық доңғалақтарына орнатылуы керек, ал протектор биіктігі 4 мм-ден кем болмауы тиіс, деп жазады inbusiness.kz сайты.

Бұл көліктің тежеуін орнықты етеді әрі тайғанамайды. Әкімшілік құқықбұзушылық туралы кодекстің 590-бабы 5-бөлігіне сәйкес 1 желтоқсаннан 1 наурызға дейін автокөлік қысқы доңғалақтармен жүреді.

Талап орындалмаса, 5 АЕК айыппұл қарастырылған, бұл 19 660 теңге. Ескертуді елемеген жағдайда айыппұл 20 АЕК көлемінде қарастырылған, яғни 78 640 теңге.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу