Бұқаралық спортты дамытуға басымдық беріледі

563

Мәжіліс "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне дене шынықтыру және спорт мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" заң жобасын мақұлдады.

Бұқаралық спортты дамытуға басымдық беріледі

"Құжат өкілетті органның және жергілікті атқарушы органдардың құзыретін кеңейтуді, спорт инфрақұрылымдарының қолжемділігін арттыруды көздейді", – деді мәдениет және спорт министрі Ақтоты Райымқұлова. 

Министрдің мәлімдеуінше, жергілікті атқарушы органдардың құзыреті дәрігерлік-дене шынықтыру диспансерлерінің санын арттыру, халықпен жұмыс істеу үшін дене шынықтыру және спорт нұсқаушыларының санын көбейту, ауыл халқы арасындағы дене шынықтыру сауықтыру қызметін жандандыру, балалар мен жасөспірімдерге арналған дене шынықтыру даярлығы клубтарының желісін кеңейту сынды қызметтермен толықтырылады. 

"Құжатта спорт инфрақұрылымының қолжемділігі аясында мүмкіндігі шектеулі жандар мен халықтың жүріп-тұруы шектеулі топбын қоса алғанда, олардың тұрғылықты жері бойынша және көпшілік демалатын орындарда спорт нысандарының қолжетімділігін қамтамасыз ету ескерілген.

Барлық жас санаты бойынша дене шынықтырумен және спортпен шұғылданатын халықтың үлесін 45%-ға дейін ұлғайту, саламатты өмір салтын насихаттау, тұрғылықты жері бойынша бұқаралық спортты дамыту жөнінде халықпен жұмысты ұйымдастыру және спортшыларды медициналық бақылау үшін жағдай жасау көзделген", – деді Ақтоты Райымқұлова. 

Қанат Махамбет 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу