Бүкіл әлемде азық-түлік бағасы қымбаттаған

1084

2016 жылы Қазақстанда баға шарықтаған кезде жаһандық конъюнктура, керісінше, төмендеген еді.

Бүкіл әлемде азық-түлік бағасы қымбаттаған

Биылғы жылдың қараша айында әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының қымбаттауы тоқтатылды. Айдың бірінші аптасында жалпы қоржын бойынша бағаның өсуі байқалмады, деп хабарлайды inbusiness.kz тілшісі energyprom.kz-ке сілтеме жасап. 

19 тауардың 6-ы бойынша баға өзгерген жоқ, 8-і бойынша – 0,4%-ға өсті, тағы 5-і бойынша – 1-2%-ға төмендеді.

Сонымен қатар жыл басынан бері азық-түлік нақты 10,4%-ға қымбаттады.

Қазан айында Қазақстанда жалпы инфляция деңгейі 8,9%-ға жетті, оған азық-түлік әсер етті. Осылайша, азық-түлік тауарлары бір жылда 11,3%-ға (және жыл басынан бері 8,2%-ға), азық-түлік емес тауарлар – 7,8%-ға ғана, ал қызметтер – 6,9%-ға қымбаттады.

Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының тізбесінде күнбағыс майы, көкөністер, қант және қарақұмық өнімдері айтарлықтай өсті.

Дәл осы санаттағы өнімдерде ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерге, сондай-ақ өңдеу сегментіндегі өңдеуші кәсіпорындарға бағаның әлі де күрт жоғарылауы күтілуде. Мәселен, бөлшек саудада күнбағыс майының бағасы жылына 56,2%-ға қымбаттаған кезде ауылшаруашылығы тауарын өндірушілерден күнбағыс тұқымы 40,6%-ға қымбаттаса, май және тоң майдың өнеркәсіптік өндірушілері өз өнімдерінің бағасын 59,3%-ға көтерді. 

Мысалы, қант немесе қарақұмық үшін корреляция азырақ болады. Өйткені бұл сегменттердегі нарық өз бағасын сырттан белгілейтін импорттаушылардың жартысынан көбіне тәуелді. Осылайша, қант өндірушілер өз өнімдерінің құнын 14%-ға қымбаттатқан болса, бөлшек саудада қант бағасы қазірдің өзінде 25%-ға өсті. Сонымен қатар биылғы жылдың үш тоқсанының қорытындысы бойынша жергілікті қант зауыттары саладағы сұраныстың 44,5%-ын ғана қамтыған.

Мемлекет әлеуметтік маңызы бар тауарлардың сауда маржасын бақылайды. Сонымен қатар бөлшек саудагерлер сатып алушыларға арналған бәсекеде негізгі азық-түлік өнімдеріне ең төменгі бағаларды ұсынуға тырысады. Мәселен, шаруалар жұмыртқа бағасын жылына 26,9%-ға көтергенімен, бөлшек саудада 2021 жылдың қазан айының соңына қарай 2020 жылдың қазан айына қарай жұмыртқа бар болғаны 13,1%-ға қымбаттаған. 

Бір айта кететіні, азық-түлік бағасының өсуі тек Қазақстанда ғана емес, бүкіл әлемде қалыптасқан жағдай.

Мәселен, ЕО-да азық-түлік бағасы биылғы жылдың қазан айында 2%-ға, АҚШ-та 5,3%-ға қымбаттады. Нәтижесінде ЕО-да инфляция 4,1%-ды құрап, 2008 жылғы қаржылық дағдарыс кезінде ғана байқалған ең жоғары көрсеткішке жетті. Ал АҚШ-та 1991 жылдан бері алғаш рет инфляция 6,2%-ға жоғарылады.

Бұл ретте, Біріккен Ұлттар Ұйымының Азық-түлік және ауылшаруашылығы ұйымының дерегінше (ФАО) азық-түлік бағасының индексі 133,2 тармақты құрады. Қыркүйекпен салыстырғанда 3,9 тармаққа (3%) және 2020 жылғы қазанмен салыстырғанда 31,8 пунктке (31,3%) жоғары.  

Қазақстанда өз кезегінде бидай бағасы жылына 16,5%-ға, ұн, жарма және крахмал өнімдерін өнеркәсіптік өндірушілердің бағасы 16%-ға өсті.  Нәтижесінде ұн – 10,4%-ға, бірінші сортты ұннан жасалған бидай наны (әлеуметтік нан) – 5,9%-ға қымбаттады. 

Құралай Құдайберген

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу