Бүкіл әлемде доллардың құлдырауы басталды

701

Доллар құлдырай бастады және оны тоқтату мүмкін емес. Ресей Федерациясы мемлекеттік думасының төрағасы Вячеслав Володин өзінің телеграм каналында АҚШ валютасының әлсіреу себептерін түсіндірді, деп хабарлайды Atameken Business.

Бүкіл әлемде доллардың құлдырауы басталды

Біріншіден, доллар шынайы тауар және ресурстармен қамтамасыз етілмеген. Қазіргі таңда Американың мемлекеттік қарызы күрт артып, инфляция деңгейі рекордтқа жетті.

Екіншіден, бұл валюта саяси күрес құралына айналған. Заңсыз санкциялар, төлемдерді жүргізуге салынған шектеулер, алтын-валюта резервтерін ұрлау – осының бәрі АҚШ валютасына деген сенімді төмендетті.

Дума басшысының сөзінше, жетекші орынға ие әлемдік валюта кемі 100 жыл ықпалды болады. Ғасыр өткен соң, құнсызданса, оның орнын басқасы алмастырады. Доллар қазіргі позициясынан айырылса, оның орнын еуро емес, экономикасы қалыптасқан мемлекеттердің валютасы басуы мүмкін.  

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу