Блогер Daricorn буллингке ұшыраған баланың отбасынан кешірім сұрады

Daricorn есімімен танымал блогер Дариға Нұркееваның басы өткен жылы дауға қалған еді. 

Блогер Daricorn буллингке ұшыраған баланың отбасынан кешірім сұрады Фото: Бейнежазбадан

Ол жарнама түсіру барысында көшедегі кішкентай баламен видео түсіріп, жариялаған кезде дұрыс титр қоймаған болатын, деп жазады inbusiness.kz сайты.

Осылайша, блогер парақшасында баланың бейнесін ата-анасының рұқсатынсыз жариялап, кейіннен ол буллингке ұшыраған-ды. 

Дариға Нұркеева жақын күндері баланың отбасымен келісімге келгенін хабарлады. Бірінші фотосуретті, содан кейін видеоны жүктеді. Кадрдан баланың анасын, бала және блогерді көру қиын емес. Бейнежазбада қос тараптың жағдай туралы сөйлесіп, ортақ шешімге келгені айтылады. 

– Көбі біздің жағдайымыздан хабардар. Бүгін біз кездесіп, бәрін талқыладық. Тағы да бәрінен кешірім сұрағым келеді, бұл біз үшін үлкен сабақ болды. Кішкентай балаларды ересектердің рұқсатынсыз түсіруге, желіге салуға болмайтыны біз үшін ғана емес бүкіл Қазақстанға да сабақ болды деп ойлаймын. Біз барлық жауапкершілікті түсінеміз, – дейді Daricorn.

Айта кетейік, дау Алматы тұрғыны Ольга Колузанова тарапынан жасалған мәлімдемеден кейін анықталды. Әйел блогер Daricorn-ның кәмелетке толмаған ұлын көшеде рұқсатсыз түсіріп, кейін әлеуметтік желіде жариялағанын айтты. Ең сорақысы, дұрыс титр қоймағанынан желі қолданушылары кішкентай баланы мазақ еткен. Буллинг ауладағы, үйірмедегі достары тарапынан да жалғаса түскен. Сол себепті, анасы баланың сабақ үлгерімі де нашарлағанын хабарлаған еді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу