Бұқтырма су қоймасындағы арал отқа оранды

433

Тілсіз жау толықтай ауыздықталды.

Бұқтырма су қоймасындағы арал отқа оранды Фото: ШҚО ТЖД

Шығыс Қазақстандағы Бұқтырма су қоймасында орналасқан аралда өрт шықты. Өрт сөндірушілер оқиға орынына қайықпен жеткен. 

Қызыл жалын шөп пен қамысты шарпыған. Оқиға Алтай ауданы Октябрьский кентіндегі Бұқтырма су қоймасының Гусиный аралында болған. 

- Сол жерге жеткен №20 өрт сөндіру бөлімшесінің және № 8 құтқару бөлімшесінің қызметкерлері отпен күреске кірісті. Көп ұзамай жалпы ауданы 6 гектарды құраған тілсіз жау толықтай ауыздықталды, - ШҚО төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметі.Айта кетейік, өртті өшіруге барлығы 6 адам жұмылдырылған.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу