"Бұл іс-шара атыссыз өтпейді": Ақ үй баспасөз хатшысының болжамы дәлме-дәл келді

Бұған дейін Вашингтондағы Washington Hilton қонақүйіндегі кешкі аста сұмдық оқиға тіркелген еді.   

"Бұл іс-шара атыссыз өтпейді": Ақ үй баспасөз хатшысының болжамы дәлме-дәл келді Фото: Getty Images

АҚШ президенті Дональд Трамп қатысқан жиын алдында болжамды мәлімдеме жасалғаны белгілі болды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Ақ үй өкілі Кэролайн Левитт көпшілікке Америка көшбасшысының алдын ала дайындалған сөзін түсіндіріп өткен. 

– Ол нағыз шоу жасайды, маған сеніңіздер. Бүгінгі сөзі Дональд Трамптың дәстүрлі стиліндегі классикалық үлгі болады. Әдеттегідей, бұл көңілді әрі әсерлі шығады және әрине, "атыссыз" өтпейтіні анық. Арнадан кетпеңіздер, керемет болады! Өзім де асыға күтіп отырмын, – деген еді ол.

Жаза кеткен жөн, 25 сәуір күні кешке Вашингтонда Ақ үй тілшілері қауымдастығының қабылдауында атыс тіркелді. Бұл жиынға Дональд Трамп тұңғыш рет қатысты. 

Оқ жаудырған адам – Калифорния штатының 31 жастағы тұрғыны Коул Аллен. Оқиғадан соң ізі суымай ұсталған ол іс-шарада кімге қастандық жасағанын айтқан. 

– Құқық қорғау органдары қызметкерлеріне берген жауабында ол америкалық көшбасшы әкімшілігінің шенеуніктерін көздегенін жеткізді, – деп жазды CBS News бірнеше дереккөзге сілтеме жасап. 

Көп кешікпей күдіктінің Калифорния штатындағы Торранс қаласында мұғалім екені анықталды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу