Атырау облысында ерлі-зайыптылардың қаза табуына байланысты қозғалған қылмыстық іс аясында халықаралық іздеу жарияланған Сұлтан Сарсемалиевтің әкесі оқиғаға қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
"Qazaq AIRAN" редакциясының журналистері Атырау облысындағы Жангелдин ауылына барды. Бұл істе басты күдікті Сұлтан Сәрсемәлиевке халықаралық іздеу жарияланған болатын.
"Мен қазір телефонды қарап отырсам, "стрелканың" бәрін бір жаққа бұрып қойып, айтпай жатқан сөз жоқ енді, "күйеубаласы жасаған" деп. Сұлтан жасайды деген ой үш ұйықтасам түсіме кірмейді. Қой бауыздау білмейтін кісі осындайға қалай барады деп ойлайсың ғой. Бұл кәсіби маньяктың ісі ғой. Өлтіріп, көміп, бәрін жауып дегендей. Өшпенді болатын көшедегі бір кісі емес. Ата-енесі туған, қасында әйелі жүр. Айтылып жатқан әңгімелерге әкесі бола тұра қалай сенесің. Төбеден түскендей жағдай, айтатын сөз де жоқ", – күдіктінің әкесі Самиғолла Сәрсемәліұлы.
Айта кету керек, Атырауда марқұм ерлі-зайыптылардың денесінен пышақ жарақаттары анықталғанын жазғанбыз.