"Бұл – Оңтүстік Американың немесе араб түбегі емес, бұл – Қазақстан"

936

Маңғыстауда Ресейдің "КАМАЗ-мастер" сериалы түсіріліп жатыр.  

"Бұл – Оңтүстік Американың немесе араб түбегі емес, бұл – Қазақстан"

Маңғыстау өңіріне ресейлік кинорежиссер Федор Бондарчуктің "Art Pictures Studio & Vision" кинокомпаниясы келді. Олар мұнда "КАМАЗ-мастер" сериалының жалғасын түсірмек. Түсіру тобы елімізге шекаралас Астрахань өлкесінен кейін, Ресей мен Қазақстан мемлекеттері елшіліктерінің арнайы рұқсатымен келіпті.

Әзірге кинокомпания қызметкерлері Маңғыстау жеріндегі Бозжыра тауында ғана болған. Соның өзінде, қазақ даласының сұлулығына тәнті болған кино түсірушілер жасалған бейноликтерін Instagram парақшаларында жариялауда.

"Сіздер "Мастер" сериалының қандай керемет жерлерде түсіріліп жатқанын қараңыздар. Жоқ, бұл Оңтүстік Американың немесе араб түбегінің құмы мен төбелері емес, бұл – Қазақстанның таңғажайып табиғаты" деп жазады ресейліктер.

Белгілі болғандай, Қазақстанда заманауй КАМАЗ-дар қатысатын экшн-көріністер түсірілмек. "Мастер" көпсериялы спорт драмасы – спорттық жүк көліктерін айдайтын "КАМАЗ-мастер" әлемнің үздік автопилоттары командасы жөніндегі өнер туныдысы болып табылады.

Құралай Қуатова

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу