Бұл жазбаның мән-мағынасы елдің жетістіктеріне назар аудару емес еді – Асхат Аймағамбетов

733

Білім және ғылым министрі  "Халықтың тілдік дағдыларын өлшеуге арналған халықаралық рейтингтер туралы" телеграмдағы жазбасын оқырманның көпшілігі "басқаша түсінгенін" жазады. "Бұл жазбаның мән-мағынасы Қазақстанның орнын көрсету немесе міндетті түрде елдің жетістіктеріне назар аудару емес еді" дейді министр.

Бұл жазбаның мән-мағынасы елдің жетістіктеріне назар аудару емес еді – Асхат Аймағамбетов

"Дегенмен осы жазбаның астындағы пікірлер оқырманның көпшілігі басқаша түсінгенін, көбінесе Қазақстанның IELTS нәтижелері туралы ақпаратты ғана оқығанын көрсетті. Бірақ мен халықтың тілдік дағдыларын бағалайтын бірнеше рейтингтің диаметральді қарама-қарсы нәтижелерін арнайы көрсетуге тырыстым.

Мақсат осы рейтингтердің әдістемесін түсіндіру болды. Олардың қандай критерийлер негізінде қалыптасатынын, әрбірінде авторлық әдістеме бар екенін және кейде олардың атауларын немесе қорытындыларын оқығанда бұл рейтингтердің біздің түсінгенімізден әлдеқайда басқаша болатынын көрсету маңызды болды. Сол себепті әдістемені түсіну және көру маңызды екенін тағы да еске салғым келеді", – деп жазды министр.

Ведомство басшысы енді білім саласындағы әртүрлі рейтингтер және зерттеулер жайында ақпараттармен бөлісіп отыратынын жеткізді

"Ал рейтинг қаншалықты репрезентативті және нақты екенін әр оқырман өзі шешуі тиіс", – дейді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу