Әділет Сапарғали есімді қазақ баласы қазір Монғолияда саяхаттап жүр, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
Қазақ интернет кеңістігінде көпшілік ағылшын тілін жетік меңгерген жігітке таңданысын білдіріп жатыр. Кейбірі тіпті "видеодағы дауыс жасанды интеллектімен жасалған" деген пікірде. Әділет Сапарғали өзіне көптеген хат келгенін, оларға жауап беріп жатқанын жеткізді.
"Бұл – жасанды интеллект емес, өз дауысым. Қазақтың баласымын. Монғолияға саяхаттап келдім. 6 жыл бұрын ағылшынша бір сөз де білмейтін едім. Мектептегі мұғалімдерім ағылшын тілі сабағын орысша оқытатын. Мен ешқандай курсқа бармадым, ойын арқылы үйрендім. Ол жерде үлкен халықаралық қауымдастық бар, ешкім қазақша не орысша сөйлемейді, сондықтан менің де ағылшынша сөйлеуіме тура келді", – дейді ол.
Әлеуметтік желі қолданушылары талантты баланы қолдап, жылы сөзін жаудырып жатыр.