Бүлікшілер Буркина-Фасо президентін ұстады

867

Жергілікті БАҚ әскери тәртіпсіздіктер мен Каборе резиденциясын басып алу әрекеттері туралы ақпарат жариялады. 

Бүлікшілер Буркина-Фасо президентін ұстады

Буркина-Фасо Президенті Рок Марк Кристиан Каборені әскерилер тұтқындады. Қазір ол армия базаларының бірінде, деп хабарлайды inbusiness.kz Reuters агенттігіне сілтеме жасап.

Буркина-Фасоның бірқатар әскери базасында 23 қаңтарда әскери көтеріліс болды. Radio France internationale радиостанциясының дерегінше, ел астанасы Уагадугудағы ахуал тұрақсызданып кетті. Бас көтерген бүлікшілер әскери қолбасшылықтың толық ауысуын талап етуде.

Жергілікті БАҚ әскери тәртіпсіздіктер мен Каборе резиденциясын басып алу әрекеттері туралы ақпарат жариялады.

Елде болып жатқан оқиғаларға қатысты ресми деректер жоқ. Бас штаб төңкеріс әрекеті туралы хабарламаларды растамады.

Табиғат Нұрболат

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу