Бұлтты ЭЦҚ қолданысқа енгізіледі

815

"Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы басқарма төрағасының бірінші орынбасары Сүйеніш Әбділдин жыл соңына дейін елімізде бұлтты ЭЦҚ енгізу жоспарланып отырғанын жариялады, деп хабарлайды inbusiness.kz.

Бұлтты ЭЦҚ қолданысқа енгізіледі

"Біз әлі күнге дейін адамдардың басым бөлігі мемлекеттік қызмет алу үшін мамандандырылған халыққа қызмет көрсету орталығына келгенді жөн санайтынын көріп отырмыз. Көрсетілетін қызметтерді талдау барысында тек 6 мемлекеттік қызмет өтініш иелерінің 75%-ын қамтитынын білдік. 2020 жылы 4,8 млн азамат ЭЦҚ-ға келді. Бұл барлық өтініштердің 30%. Қазір цифрлық даму министрлігі ҰАТ АҚ-мен бірлесіп, бұлтты ЭЦҚ енгізу мәселесін пысықтап жатыр. Бұл жоба ЭЦҚ алу үдерісін айтарлықтай жеңілдетуге мүмкіндік береді. Бұл шешім адамдарды онлайн режимге көшірудің кілті болады деп үміттенеміз", – деді Сүйеніш Әбділдин. 

Бұдан кейін ол бұлтты ЭЦҚ қалай жұмыс істейтінін айтты. 

"Бұлтты ЭЦҚ биометриялық дерек бойынша жұмыс істейді. Өткен жылдың күзінен бастап mgov мобильді қосымшасында авторизация және биометриялық дерек арқылы тіркеу іске қосылды. Жүйе файл түрінде болмайтындықтан ЭЦҚ қашықтағы серверде сақталады. ЭЦҚ биометриялық сәйкестендіру бойынша қолданылады. Оны үнемі куәлікте, флешкада, компьютерде тасымалдап жүру қажет емес. Адамдар флэш-дискілерін жоғалтады, сөйтеді де ЭЦҚ-ны жаңарту үшін мамандандырылған халыққа қызмет көрсету орталықтарына бір емес, бірнеше рет барады. Бұлтты ЭЦҚ жағдайында мұндайға жол берілмейді. Адамдар жеке басын биометриялық дерек бойынша растайды да, құжатқа ЭЦҚ арқылы автоматты түрде қол қояды", – деді Сүйеніш Әбділдин.

Қанат Махамбет 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу