Демалыс және мереке күндеріндегі туристер ағынына байланысты полиция күшейтілген режимде қызмет атқарды, деп жазады inbusiness.kz сайты.
Cебебі, танымал туристік орындардан күн сайын 50 текше метр қоқыс шығарылады.
Рейд барысында жол қозғалысы ережелерінің 30-ға жуық бұзушылығы анықталып, жолы кесілді. Оның ішінде орман аймағына автокөліктердің рұқсатсыз кіру деректері де тіркелді. Мамандардың айтуынша, мұндай әрекеттер ұлттық парктің топырақ жамылғысына, өсімдіктер әлеміне және жалпы экожүйеге айтарлықтай зиян келтіреді.
Сонымен бірге Абылайхан алаңында заңсыз сауда жасаған 5 адам әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Полиция демалушыларды ерекше қорғалатын табиғи аумақтарда белгіленген талаптарды сақтауға және заң бұзушылықтарға жол бермеуге шақырады.