Бурабай жер учаскелерін ұзақ мерзімге жалға береді

229

Аталған бастама Президент тапсырмасы жөнінде жүзеге асып отыр.

Бурабай жер учаскелерін ұзақ мерзімге жалға береді Фото: ЖИ

"Бурабай" мемлекеттік ұлттық табиғи паркі туристік және рекреациялық жобаларды іске асыру үшін жер учаскелерін ұзақ мерзімді жалға береді, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Бұл бастама атақты "Бурабай" курорты аумағында қонақүйлер, этноауылдар және туристік әрі рекреациялық мақсаттағы нысандар салуға жаңа мүмкіндіктер ашады.

Аталған бастама Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың "Ақбура", Жүкей көлі, Қатаркөл және Текекөлді қоса алғанда, жаңа туристік аймақтарды дамыту жөніндегі тапсырмасы аясында жүзеге асырылып отыр. 

"Бурабай" ұлттық паркі инвестиция тарту және рекреациялық инфрақұрылымның бірегей нысандарын құру мақсатында, сирек баратын әрі әлеуеті жоғары локацияларды игеруге басымдық бере отырып, жер учаскелерінің пулын қалыптастырып отыр.

Жер учаскелерін беру Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына қатаң сәйкестікте, барлық экологиялық талаптар мен ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың қорғау режимдерін ескере отырып жүзеге асырылады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу