Бурабайда көшпенді мәдениетті дәріптейтін "Nomad Soul" этноауылы ашылды

335

Келушілерге интерактивті бағдарлама мен ұлттық дәстүрлер көрсетіледі.  

Бурабайда көшпенді мәдениетті дәріптейтін "Nomad Soul" этноауылы ашылды Фото: gov.kz

Ақмола облысының Бурабай ауданында көшпелі мәдениетті сақтау және таныту мақсатында құрылған "Nomad Soul" ("Көшпенді рухы") этноауылы таныстырылды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Жоба музей аймақтарын, әртүрлі тарихи кезеңдерге арналған киіз үйлерді, тақырыптық бағыттарды және қолөнер алаңдарын біріктіріп, келушілерге көшпенділердің тарихы мен тұрмысын интерактивті түрде танып-білуге мүмкіндік береді.

Этноауыл өкілі Халида Әшімованың айтуынша, жобаның басты мақсаты – көшпелі мәдениеттің мәні мен құндылығын арнайы танымдық маршрут арқылы көрсету.

"Экскурсия әрбір қонақ музейді, киіз үйлерді және экспозицияларды кезең-кезеңімен аралап, көшпелі өмір салтының ерекшелігін түсінетіндей етіп құрылған. Біз келушінің жай ғана бақылаушы емес, осы тәжірибені сезінуіне жағдай жасадық", – дейді ол.

Жобада ұлттық дәстүрлер мен қолөнерді сақтау мәселесіне ерекше көңіл бөлінген. Ұйымдастырушылардың пікірінше, бұл құндылықтарды келер ұрпаққа жеткізу маңызды.

Экскурсиялық бағдарлама музейді, тарихи кезеңдерге арналған киіз үйлерді және "Көшпенділер аллеясын" қамтиды. Мұнда дала халқының өміріндегі негізгі салалар – отбасы, еңбек, ғылым, мәдениет пен өнер кеңінен таныстырылады.

Бағдарлама ашық аспан астындағы театрландырылған қойылыммен аяқталады. Демалыс күндері ұлттық салт-дәстүр көріністері, әжелер ансамблінің өнері және ат спорты қойылымдары ұйымдастырылады.

Сонымен қатар келушілерге арналған интерактивті бағдарламалар да қарастырылған: ұлттық ойындар, садақ ату, қыш өнері бойынша шеберлік сабақтары және дәстүрлі киімдерді киіп көру мүмкіндігі ұсынылады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу