Ақмола облысының прокуратурасы Бурабай кентіндегі Сейфуллин атындағы тамақтандыруды ұйымдастыруға қатысты заңбұзушылықтар анықталғанын мәлімдеді, деп жазады inbusiness.kz сайты.
Тексеру қорытындысы бойынша мектеп директоры қызметінен босатылған. Ал аудандық білім бөлімінің бір қызметкері тәртіптік жауапкершілікке тартылған.
"Мектеп әкімшілігі жеткізушінің біліктілік талаптарына сәйкестігін тиісті түрде тексермей, мектептегі тамақтануды ұйымдастыруына жол берген. Сөйтіп бұл жағдай кәмелетке толмағандардың өмірі мен денсаулығына айтарлықтай қауіп төндірген.
Прокуратураның талап етуімен жеткізушімен жасалған келісімшарт бұзылды. Сондай-ақ оны мемлекеттік сатып алуға жауапсыз қатысушы деп тану үшін сотқа талап арыз берілді", – делінген прокуратура хабарламасында.