Түркі мемлекеттері арнаулы қызметтері конференциясының 28-отырысы өтті, деп жазады inbusiness.kz сайты.
15 қыркүйекте Бурабайда түркі мемлекеттері арнаулы қызметтері конференциясының 28-отырысы өтті.
Іс-шараға Қазақстанның ҰҚК, Әзербайжанның МҚҚ мен СБҚ, Қырғызстанның ҰҚМК, Түркияның ҰБҰ және Өзбекстанның МҚҚ басшылары қатысты.
Құрметті қонақтар ретінде Тәжікстанның ҰҚМК, Түрікменстанның ҰҚМ және Венгрияның Ақпараттық офисінің өкілдері шақырылды.
Кездесуге қатысушылар әлемдегі жағдайды бағалау бойынша пікір алмасып, заманауи қауіп-қатерлер жағдайында өңірлік қауіпсіздік пен тұрақтылық жөніндегі шараларды талқылады.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу