Бурабайда жасөспірім жоқ үйді жалға берген

188

Қостанай облысы полиция департаментінің киберқылмысқа қарсы күрес басқармасы интернет-алаяқтық жасады деген күдікпен 17 жастағы жасөспірімді қолға түсірді. 

Бурабайда жасөспірім жоқ үйді жалға берген Фото: polisia.kz

Тергеу дерегінше, ол Бурабайда үйді жалға беру туралы жалған хабарландырулар жариялап, сенім білдірген азаматтардан алдын ала төлем алған, деп жазады inbusiness.kz сайты. 

Мәселен, бір жәбірленуші демалыс үйін "броньдау" үшін 60 мың теңге аударып жібергенімен, кейін күдікті байланысқа шықпай қойған.

Жедел іс-шара барысында тәртіп сақшылары жалған хабарландыру жарияланған телефонды тәркіледі. Қазіргі уақытта алаяқтық дерегі бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Сондай-ақ полиция күдіктінің басқа да осындай құқық бұзушылықтарға қатысы бар-жоғын тексеріп жатыр.

Құқық қорғау органдары азаматтарға ескерту жасады: тұрғын үйді жалға аларда ақпараттың шынайылығына көз жеткізіп, алдын ала ақша аударуға асықпаған жөн. Сонымен қатар заңды күшке ие жазбаша келісімшарт жасаған қауіпсіз болады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу